ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР — ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Өткен апта Ойыл ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асқар Садықов, Қазыбек Әлішев іссапармен келді.
Ең алдымен Саралжын ауылдық округіндегі «Тәжібай-АГРО» ЖШС шаруа қожалығының басшысымен және қызметкерлерімен кездесті.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және суармалы егіншілікпен айналысатын шаруа қожалықтың бүгінгі тынысымен танысты.
Сондай-ақ, суармалы егіннің жұмыс қарқыны мен өнімдерді өндіру барысы сөз болды. Кездесуде шаруашылық иелерінің талап-тілектері тыңдалды. Одан кейін Ойыл – Қаратал ауылына кіреберіс автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
«АССАНА-Дор-Строй» компаниясы жасап жатқан күрделі жөндеу жұмысы қызу жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін аяқтауды көздеп отыр. Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының ғимаратында қабылдау өткізіп, фракция мүшелерімен кездесті. Аудандағы түйткілді мәселелер талқыланып, фракция мүшелері депутаттық сауал жолдады. Мәжіліс депутаттары аудандағы проблемалық мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.
Гаухар АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл-Саралжын-Қаратал-Ойыл.