Басты тақырыпДенсаулық
Орталық аурхана жаңа үлгідегі технологиялармен толықты
Аудандық ауруханаға гастроскоп және колоноскопия құрылғысы бар бейнелі эндоскопиялық аппарат сатып алынды. Құны 45 миллион 300 мың тұратын бұл құрылғы көмегімен науқастың ішкі органдарын: асқазан, тік ішек және де басқа да зерттелінетін мүшенің ішкі шырышты қабатын тікелей көруге болады.Яғни, бұл эндоскопиялық құрылғы — диагностикалық және емдеу мақсатында жүргізіледі. Эндоскоп арқылы бөгде заттарды, полип, кисталарды кесіп алуға болады. Ойық жараларды күйдіру немесе тікелей дәрі енгізу, жағу арқылы ем-домдар жасалынады.
Сондай-ақ, нәрестелердің есту патологиясын ерте анықтау мақсатында Германиядағы МАІСО Diagnostic GmbH фирмасы өндірген аудиометрия аппараты алынды. Аудиоскрининг — барлық нәрестелерге міндетті түрде өткізілетін скринингтік тексеру әдісі. Ол екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең: перзентханада жүргізіледі, бұнда кереңдік дамуына жоғары қауіпті нәрестелер анықталады. Тексеру нәтижесі нәрестенің перзентханадан шығарда берілетін шығару эпикризіне тіркеледі. Екінші кезең: сәбиді тіркеуге алған тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханада жүргізіледі. Ол сәбидің 3 айында және 1,2- 3,6 жасында жүргізілуі қажет. Тексеру аудиометр аппаратының көмегімен жүргізіледі. Есту қабілетінің бұзылуы баланың коммуникативтік дағдыларының дамуына кері әсер етеді, сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуіне және когнитивтік, эмоциялық және әлеуметтік саланың ауытқуына әкеледі. Өйткені, генетикалық кемістіктер, босану кезіндегі асқынулар, жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық аурулары, туу кезіндегі дене салмағының төмендігі есту қабілетін жоғалтудың негізгі себептері болуы мүмкін. «Құны 5 миллион 100 мың тұратын бұл құрылғының көмегімен, балалардағы есту қабілетінің бұзылуын уақытылы анықтап, нәтижелі емдеуге қол жеткізе аламыз» — дейді дәрігер мамандар.
Г.АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.