ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулық
Муслима -“Денсаулық сақтау ісінің үздігі”
Жаңа жыл қарсаңында Ойылға тағы бір ақжолтай хабар келді. Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің зертханашысы Муслима Қалжановаға “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” ордені жолданыпты.
Орденді ұжымның алдында Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің меңгерушісі Асылзат Өтепбергенова Муслима Қожанқызына салтанатты түрде тапсырды.
Айта кетсек, ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында өз ісіне адал еңбек етіп келе жатқан Муслима Қожанқызы сала үздіктерін анықтау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып жүрген дәстүрлі “Жыл үздіктері” республикалық байқауына құжаттарын жолдаған еді.
Нәтижесінде бір салада табан аудармастан еткен еңбегі ескеріліп, жеңімпаз атанып отыр.