ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі
Шағын бизнес өкілдері үшін тағы да жеңілдік. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді. Яғни басқа арнаулы салық режимдерімен салыстырғанда бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолдану тәртібі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылдың 8 ақпанындағы №114 шешімімен бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілді.
Бұл әрине бизнес өкілдері үшін өте қолайлы. Мәселен, Ойыл ауданында 685 жеке кәсіпкер тіркелген болса, олардың ішінде бөлшек салық режиміне 151-і көшеді деп күтілуде. Аудандағы кәсіпкерлердің басым бөлігі кіші кәсіпкерлер болғандықтан жеңілдікті қолданатындардың аясы кең болады деп ойлаймыз. Өйткені, ауданда сауда саласын негізінен кіші кәсіпкерлер құрайды. Олардың басым бөлігі алып-сатудан түсетін табысы күнделікті күнкөрістен аспайтынын айтады.
«Салық ауыртпалығын төмендету туралы шешім кәсіпкерлерге жақсы қолдау деп ойлаймыз, — дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержанов.