ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ – АНА!

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ – ӨЗ ЗАМАНЫНА САЙ БІЛІМДІ, БІЛІКТІ, ІСКЕР. ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ ҚОҒАМНЫҢ САЛМАҒЫН АЙРЫҚША СЕЗІНІП, ОТБАСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУМЕН ҚАТАР БІР-БІР КӘСІПТІҢ КІЛТІН ТАУЫП, ҰРШЫҚША ҮЙІРІП ОТЫРҒАН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР- ЕЛ МЕРЕЙІ ДЕП АТАУЫМЫЗҒА ТОЛЫҚ ОРЫН БАР.

Осы орайда мереке қарсаңында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлік атты үлкен толқында жүрген іскер қыз-келіншектер «Береке» мейрамханасында бас қосты.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев мерекелік шараның алғы сөзін бастап, кеш қонақтарын гүл көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, әйелдер қауымының елеулі істері мен қайталанбас қайсарлықтарына тоқталып, барша іскер әйелдердің кәсіптеріне береке тіледі. Ауданның кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып, елеулі еңбегімен көзге түскен бірқатар қыз-келіншектерді марапаттау рәсіміне ұласып, марапат иелеріне алғыс хаты мен сый-сыяпатын табыс етті. Ал, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбәрәков кәсіп ашып, халыққа кәсіптің түрлі тетігі бойынша қызмет көрсетіп отырған нәзік жандыларға алғысын білдірді. Әрі қарай шара мерекелік дастархан басында жалғасын тапты. Онда қыз-келіншектер ақжарма тілектерін арнап, емен-жарқын әңгімелесті.
Шуақты сәтті аудан өнерпаздары ән-жырмен көмкеріп, аналардың көңіл-күйін көтерді.

Басқа жаңалықтар