ӘлеуметБасты тақырыпДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруСпорт

«АСЫҚ АТЫП ОЗҒАН» НҰРЗАТ ОБЛЫСТЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

Жуырда ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында «Балалар жылына» орай Алматы қаласында «Жұлдызай — 2022» Ұлттық инклюзивті ойындар спартакиадасы ұйымдастырылды. Спартакиада жеңіл атлетика, шағын футбол, үстел тенисі, голбол, бочка, ұлттық ойындар, асық ату және бестас сынды спорттың 6 түрінен өтті. Ойындардың бастамашысы және демеушісі BI Group құрылыс холдингі, бас демеушілері «Самұрық-Қазына» қоры және «Спорт Қоры» қоры болды. Бірегей турнирге 11 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан 10 мен 18 жас аралығындағы 300-ден астам жас спортшы қатысты. Айтулы додаға Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 5 б сынып оқушысы Нұрзат Әбубәкір қатысып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында өз бағын сынап, «Асық ату» жарысынан жүлделі І орынды жеңіп алды. «Асық ойнаған азар…» деп басталатын нақылды теріске шығарып, Ойылдың атын «оздырған» Нұрзат жарады! Намысты қолдан бермеген балғын спортшымызға асығың алшысынан түсе берсін дейміз.

P.S. Оқушыларды спортқа баулып, оларды әлеуметтендіруге және қоғамға кіріктіруге, исклюзивті спорттың дамуына зор үлес қосқаны үшін жетекшісі Нұрлыжан Мұқашев Қазақстан Республикасы Ұлттық Параолимпиада Комитетінің алғыс хатымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар