ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КӨРШІЛЕР КӨМЕГІ
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Төрт түлігінен, дүние-мүлігінен айырылған тұрғындарға еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қиын сәтте ауданның жаны жомарт азаматтары да қарап қалған жоқ.
Қиындыққа тап болғандарға демеу болып, қолдау көрсетті. Осындай уақытта Көкжар көшесіндегі көршілер бастамасымен Әл Фараби, Тәуелсіздік, Көкжар көшесінің басы қол жинап, көмек беруді бастап кетті.
«Пандемия уақытында да осындай игі істер атқарғанбыз, бірлесе Наурыз мейрамында атап өтеміз. Су тасқынынан зардап шеккендерге 30 шақты көршілер болып көмек береміз деп бастау алған бұл іс үлкен қайырымдылық шарасына айналып кетті. Ар жағы көпшілікке ұласып, бізде сіздермен бірігейік деп мыңдаған адамға ұласты. Себебі, су апатынан зардап шегіп жатқан азаматтарға көмектесеміз дегендер өте көп болды. Оның ішінде басқа қаладағы жерлестеріміз, ауылдастарымыз бар. Осы қайырымдылық істің нәтижесінде бірнеше үйге көмек берілді. «Ізгі жандар» деген группа ішінде ауданымыздың ақ жаулықты аналары бар. Үйсіз қалған Берсиев, Екпетал тұрғындарын үйлеріне паналатты. Жиналған қаржыға киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық түлік алынды. Ал ауылдың таксист жігіттері күні-түні дайындаған заттарымызды жеткізіп, көмектесті, — дейді Гүлмира Избағамбетова.
Ал, екпеталдық Әйгерім Бекова сыныптастарымен бірігіп Берсиев ауылдық округінің оқушысы Элизатқа денсаулығына байланысты ортопедиялық аяқ киім (кроссовка) сыйласа, Елдос Изматов, Самат Сағынтай сынды азаматтар отбасының атынан қой сойып, ыстық тамақ берді. Барлығы осындай қиын уақытта қол ұшын созған әр жанға өздерінің алғыстарын жаудыруда. Су тасқынынан зардап шеккендерге жағдай тұрақталғанша көмек жалғаса бермек.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.