Әкімдік
Партиялық бақылау жүргізілді
Партиялық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ «Көптоғай ауылына кіреберіс» жол мен «Шұбарши ауылына кіреберіс» жолы, «Ойыл-Қараой» автокөлік жолдарына партиялық бақылау жүргізді.
«Ойыл-Қараой» жолының 0-15 км, 15-30 км учаскесі, «Көптоғай ауылына кіреберіс» жолының 0-22 км, «Шұбарши ауылына кіреберіс» жолының 0-15,2 км орташа жөндеу жұмыстары пилоттық жоба ретінде стабилизатор сұйықтығымен басталған болатын. Бұл жоба канадалық әдіспен жасалуда. Дегенмен де 2021 жылдың көктем айында жасалған учаскілер қыста жауған қар еріген кезде жолдың бетіндегі қатқалдандырылған бөлігі езіліп кетті. Осы мәселе бойынша мердігер компанияға ескерту айтылғандығы және не себептен күтілген нәтиже болмағандығын анықтау мақсатында сұйықтық сатып алған фирмаға хат жолдап, жауабын талап етті. Сұйықтықты сататын фирма өкілі ескертусіз экспертиза жасап жолды қанағаттанарлық жағдайда деген біржақты шешім шығарғандығы жөнінде жұмысшы топтың партиялық бақылауы барысында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолдар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Танат Нұрымгереев мердігер компаниямен туындаған келспеушіліктерді атап өтті.
Бүгінде бұл жоба күмән келтіруде. «Канадалық әдіс» осы ретпен жалғаса беретін болса, алдағы көктемде тағы да жол бетінің қатқалы езіліп кетуі мүмкін. Бұл жол 2021 жылы пайдалануға берілген күннің өзінде ешқандай сапасы болмайтындығы жөнінде партиялық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ қорытынды жасады. Осы орайда жедел түрде, алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы құзырлы мекеме басшыларына және мердігер компанияға ескерту жасалып, ұсыным берілді.