ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
«АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕРЛЕР МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ
Оқу жылының аяқталуының қарсаңында Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткерлермен кездесу өткізді. Республикамыздағы үміткер 7000 нан астам оқушымен бірге үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген Ойыл ауданының 14 мектеп бітірушісі де оқу-ағарту министрінен бағыт-бағдар алып, ақыл-кеңесін тыңдады.
Ғани Бейсембаев мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.
«Білім — бұл кез келген табыстың іргетасы. Сендердің биік мақсаттарға жетуге деген талаптарың мен табандылықтарың қуантады.
Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы 186 мың мектеп бітіруші өмірлеріндегі жауапты сәтке қадам басқалы отыр.
Әрқайсыларыңыз алдағы емтиханды сәтті тапсырып, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін. Сіздерге білім жолында үнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін!»,- деді Ғани Бейсембаев.
Шара соңында оқушылар Ойыл ауданының білім бөлімінің басшысы С. Меруеновтың және мектеп директоры М. Жонысованың жетекшілігімен ауданымыздағы цифрландырылған ақпараттық кеңістікте жұмыстанып жатырған Ж. Жүсібалиев атындағы мектептің тыныс – тіршілігімен танысып, оқушыларға берілген кең мүмкіндіктер үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.