ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АСХАТ ШАХАРОВ СУ ТАСҚЫНЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕРГЕ КӨМЕКТЕСКЕН АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

Ал қалған бес азаматқа жоғары дәрежелі марапатты облыс әкімі Асхат Шахаров облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде табыстады.


Сол қатарда жерлесіміз, Көптоғай ауылдық округінің өрт сөндіру бекеті басшысы Ерлан Шойынов «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды. «Өңір басшысы төтенше жағдайда азаматтық белсенділік танытқандар – нағыз патриоттар деді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өміріне қауіп төнсе де, сын сағатында күндіз-түні аянбай еңбек етіп, өз қызметтерін адал атқарған әрбір жанға алғысын жеткізді. «Өңірімізде орын алған табиғи тасқында төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер, полицейлер, дәрігерлер, коммуналдық мекемелердің өз қызметтерін адал атқарды. Оларға, сондай-ақ, зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау білдіріп, қол ұшын созған жандар да өте көп болды. Бәрін де нағыз патриоттар, тілеулестер деуге болады.
Ал бейбіт күннің батыры атану – кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ел басына күн туып, төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдап, ержүректілік танытқан барлық жерлеске шын жүректен алғыс айтамын», — деді Асхат Шахаров.

Басқа жаңалықтар