МәдениетРухани жаңғыру

ҰЛТТЫҚ АСПАП ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күні. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі.

Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Ұлттық домбыра күніне орай Ақжар ауылдық клубы мен кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы ұлттың баласы , ұлықта домбыраңды!» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді. Кеш барысында домбыра туралы бейнекөрсетілім таныстырылып, «Шертер» домбыра үйірмесінің мүшелері «Ерке сылқым», «Тепеңкөк» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кешке ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысты.

Басқа жаңалықтар