“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСАҚШЫЛАРЫМЕН КӨҢІЛДІ МӘРЕ САЙЫСЫ ӨТТІ

Биыл 100 жас маусым, шілде, тамыз айларында Ойыл орман шаруашылығы арқылы «Жасыл ел» еңбек жасағына жұмысқа қабылданып еңбек етуде. Әрқайсысы өз еріктерімен еңбекке тартылған. Бағдарламаның басты мақсаты- жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, жасыл-желекке айналдыру. Сол арқылы отанды сүюге, табиғатты аялауға үйрету. Осы орайда Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы “Жасыл ел” жасақшыларымен қарым-қатынасты нығайту мақсатында еңбек етіп жатқан жасақшыларымен, орталық басшысы Ж. Бақытжанқызы сұхбаттасып, жалғасы көңілді мәре ойынына ұласты.
Командалық топтарға бөлінген жастар ойынға белсенді қатысып, нәтижесінде 3 жүлделі орынды “Алмас”командасы, 2 жүлделі орынды “Байтерек” командасы, ал жүлделі 1 орынды “Достық” командасы жеңіп алды. Ұйымдастырушылар ойынға белсенді қатысқан командаларға, орталық тарапынан дайындалған Алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыс етті.