ӘлеуметБасты тақырыпМәдениетРухани жаңғыру

«ЖАРМОЛА» ТАРИХИ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Тарихтан белгілі, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде, Батыс Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында Ырғыздағы «Жармола», Темірдегі «Қарақамыс», Ойылдағы «Көкжар», Ақтөбедегі «Ақтөбе» жәрмеңкелері даму тұрғысынан ірі орталыққа айналып, халықтың сауда мәдениетін дамытуда зор бетбұрыс туғызған.

Соның нәтижесінде қазақ даласындағы арзан шикізат тауарлары Ресей патшалығы арқылы алыс-жақын шетелге сатылып, олардың орнына халық тұтынатын түрлі тауарлар әкелінген.
Аталған жәрмеңкелер Орта Азиядағы Бесқаламен, Ресейдегі  Орскі, Орынбор арқылы сауда қатынастарын дамытуға үлес қосты. Сонымен қатар, ұлттық өнерді насихаттайтын әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени даму  орталықтарына айналды. Ақтөбе облысында «Жармола» тарихи жәрмеңкесі қайта жанданды. Осы орайда жуырда Ырғыз ауданында аты аңызға айналған «Жармола» жәрмеңкесінің 152 жылдығы тойланды. Айтулы шараға Абай облысынан арнайы келген делегация, еліміздің басқа өңірлері мен облыстың барлық аудардарынан келген қонақтар, олардың ішінде атақты мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты. Бағдарламасы мазмұнды мереке екі күнге созылып, мұнда жәрмеңкеден бөлек, ұлттық салт-дәстүр мен спорттық ойындар, театрландырылған көріністер мен концерттық бағдарлағамар қойылды. Бұдан өзге, атақты жазушы Тынымбай Қарин, жырау Алмас Алматов, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова «Ырғыздың қилы тарихы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысты. Сонымен қатар, Ырғыз ауданында ұйымдастырылып отырған Жармола жәрмеңкесіне Ойыл ауданынан киіз үй тігіліп, Н.Қалауовтың  Шығанақ спектаклінен үзінді көрсетіліп, тары қуыру әдісі насихатталды. Оған қоса, тары өнімінен жасалған дәмдер ұсынылды.

Басқа жаңалықтар