ӘкімдікБасты тақырып
ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ
Ойыл ауданының тұрғындары таң алакеуімнен өздерінің жергілікті сайлау учаскелерінде дауыс беруде. Ойыл селосындағы №390 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс бергендер әдеттегідей аға буын өкілдері. Жергілікті тұрғындарымен қатар алғашқылардың бірі болып Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев та дауыс берді. Қарапайым халықпен бірге кезекке тұрып, олардың сайлау күнгі көңіл-күйлері мен саяси шараға деген көзқарастарын сұраған аудан әкімі,
— Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Ел Президентін таңдау — алдағы бағдарымызды айқындайтын маңызды науқан. Менде өзімнің азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым, — дейді Асқар Қайырғалиұлы. «Мен сайлаудың ашық және Қазақстан заңнамасына сәйкес өтетініне сенімдімін. Ойылдықтар балалары мен немерелерінің болашағы және еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын» — деді.