ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АУЫЛ ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Өткен аптада «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында ауданның рухани саласына өз үлестерін қосып жүрген өлкетанушы, жерлестеріміз Нұрлан Жұмағалиев, Олег Ярошенкомен кездесу болды.

Келелі кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, аудан жастары қатысты. Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев кездесудің мақсатын түсіндіріп, еркін пікір алысуға шақырды.
Өз кезегінде Нұрлан Нұрымжанұлы ауданның тарихы, мұрағаттық құжаттардағы тарих жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында сөз қозғады. «Мәдени құндылықтардың зақымдануы кез-келген елдің, халықтың тарихының бұрмалануы мен мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келеді, — дейді.
Ал, аудандық өнер және өлке тарихы музейінің басшысы Балқия Рысбаева мен ғылыми қызметкер Дулат Исабаев аудан тарихына байланысты ойларын ортаға салып, «Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.
Ауданның ғасырдан-ғасырға ұштасқан тарихи мұрасын сақтау, өткені мен бүгінін жақындастырып, байланыстыратын құнды жәдігерлерді қорғау – бүгінгі біздің басты міндетіміз. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау, насихаттау және сақтау мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады, — деген ойларын жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар