Жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болатын.
Осы өңірлік кадр резервіне Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Аманбек Бақытов қатысты.
А.Бақытов өңірлік кадр резервіне қатысу үшін ресми сайтқа арнайы өз өтінішін цифрландыру бағыты бойынша қалдырды.
Құжаттарды қабылдау кезеңінен өткеннен кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеудің екінші кезеңінен Ақтөбе қаласында тапсырды. Нәтижесінде 55 сұрақтың 42 сұрағына дұрыс жауап беріп, 5 мамыр күні «Жеке қасиеттерін бағалауға арналған» тестілеуден 423 балл жинап, екінші кезеңнен де сәтті өтті.
Келесі кезекте, 3 кезең «Құзыреттерді бағалау» Астана қаласында ағымдағы жылдың 15-мамырында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтті. Бұл кезеңінен де сүрінбей өтіп келді.
Соңғы кезең, «Комиссиядағы құрылымдық сұхбат» кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау, қорғау облыс әкімі, Асхат Берлешұлының қатысуымен облыс әкімдігінің ғимаратында өтті. Төрағалық етуші өңірлік коммиссиясына цифрландыру бағытындағы өз жобасын таныстырып, сауалдарына еркін жауап берген.
Аманбек Асылбекұлы, соңғы кезеңнің қорытындысы негізінде, барлық кезеңдерден мемлекет қызмет саласында осы күнге дейін жинаған тәжірибелерінің арқасында мүдірмей өтіп, өңірлік кадр резервіне алынды.
Өңірлік резервке алынған мемлекеттік қызметшілер үшін ең үлкен мүмкіндік — сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.
Алдағы уақытта Аманбек Асылбекұлын жоғары басшылық лауазымдардан көріп, елге абыройлы қызмет атқаратын басшы бола алатындығына үлкен сенім білдіреміз.
Н.АЙТҚАЛИЕВ,
«Ойыл ауданы әкімінің аппараты» персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы.