ӘлеуметБасты тақырып

КӘСІПТІҢ КӨЗІ — АУЫЛДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» — ОҒАН ЖОЛ АШАДЫ

Өткен аптада Ойыл аграрлық колледжінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержановтың бастамасымен Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина,» Ойыл аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараковтар меморандумның аясында Ойыл аграрлық колледжінің студенттерімен кездесіп, облысымызда жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы жөнінде және басқа да жастар үшін жеңілдетілген несиелер алу жолдарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ кәсіп ашудың қыр-сырына тоқталып, тың идеялар мен бизнес жоспар дайындау керектігін жеткізді.
P.S. Кездесуді қорытындылаған колледж директоры Серік Займолдин студенттерге кәсіптің көзін тауып, еңбекке қазірден араласу керектігін баса айтты. Ойыл ауданында аграрлық бағытты дамыту, ауданның экономикасына оң өзгеріс беретінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар