ӘкімдікБасты тақырып

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы басталды. Ойыл қазақ орта мектебінде орналасқан №392 сайлау учаскесінде дауыс беру еліміздің мемлекеттік әнұранымен басталды. Сағат таңғы 7-ден бастап ойылдықтар өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда. Бұл сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып аудан тұрғыны Ғалия Әділханова дауыс берді. Кәмелет жасына толғаннан бері бірде бір сайлаудан қалып көрмегенін айтып:
— «Біз кеңестік кезеңнен келе жатқандықтан бұл шаралардың қандай маңызды екендігін жақсы түсінеміз. Менің ойымша бұл кез-келген ел азаматының құқығы және борышы» – дейді Ғалия Әділханова.
Сонымен қатар тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалып, алаңдарда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар