ӘкімдікБасты тақырыпЭкономика

ҚАРАТАЛДАҒЫ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бұған дейінгі «Балбөбек» бөбекжай бақшасы көктемгі су тасқыны салдарынан бүлініп, жарамсыз болып қалған-ды. Қазіргі таңда Ш.Берсиев ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында жаңа балабақшаның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жалпы аумағы 880 шаршы метрді құрайтын 60 орындық балабақша құрылысын «АТМ Холдинг» ЖШС жүргізіп жатыр. Қараталдағы қарқынды жұмысты 22 адам атқарып жатыр.«Жұмыс қарқыны жоғарғы деңгейде, құрылыс материалдарына қатысты шағым жоқ. Бәрі уақытылы қамтамасыз етілуде. Жергілікті тұрғындардан 5 азаматты жұмысқа тарттық.
Жұмыстарды желтоқсан айының аяғында аяқтауды жоспарлап отырмыз» — деді мердігер компанияның өкілі Ринат Сафин.

Басқа жаңалықтар