Әкімдік
Ендігі міндет – шабындықты қору
Өткен жексенбі күні ауданға облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманқұлов арнайы жұмыс сапарымен келіп, Саралжын, Ш.Берсиев, Көптоғай, Сарбие ауылдық округтерінде болды.
Аталмыш ауылдардағы лиманды алқаптарды суландыру жүйесін көрді. Қиыл-Тассай, Тамдыкөл бас су реттегіш және Жекендісай арқылы лиманды алқаптарға шыққан мол су ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына мал азығын дайындауға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан, алдағы мақсат осы лиманды алқаптарды қорып, мол мал азығын жинап алуды ұйымдастыру туралы жергілікті атқарушы органның алдына міндеттер қойды.