ӘкімдікЭкономика

ТӨРТ ОКРУГТЕГІ КЕЗДЕСУ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАУ

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ ҚАРАОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ҚАРАОЙ МЕН ҚҰБАСАЙ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖӘНЕ САРБИЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САРБИЕ МЕН ҚАРАКӨЛ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. Кездесу барысында ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде аудан аумағында атқарылған жұмыстары аталып өтілді.

Қараой ауылдық округіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар жұмыстардың алдағы жоспарларға енгізіліп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан «Ойыл-Қараой» аудандық маңызы бар автомобиль жолын қайта жөндеп аудан орталығымен қатынасты қалыпқа келтіру мәселесі көтерілді. Сонымен қатар қазіргі таңда белең алған түрлі мал ауруларының алдын-алу шараларын жүзеге асыруды сұрады.


Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Түстен кейін кездесу Сарбие ауылдық округінде жалғасты. Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.


Сарбие ауылдық округінің тұрғындары тарапынан ауданға қатынайтын көтерме жолды жөндеу, қазіргі таңда тозығы жетіп тұрған ауыз су құбырларын жаңарту, Қаракөл ауылына ұялы байланыс желісін қосу сынды өзге де сұрақтар қойылды. Аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу соңында, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Өткен аптаның соңында аудан әкімі Саралжын ауылдық округінің Бестамақ, Ақкемер, Кемер, Шиқұдық ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы баяндады. Саралжын ауылдық округінің тұрғындары тарапынан Ақкемер, Кемер, Шиқұдық елді мекендеріне газ құбырын тарту мәселесі, Шиқұдық ауылын таза ауызсумен қамту жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар сұрақтар қойылды. Аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары

бойынша қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу соңында, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді.

Басқа жаңалықтар