ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

БҰЛБҰЛ МЕН ТЕҢЕЛ «АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП» ҚАЙТТЫ

Ырғыз ауданында «Аймақты әнмен тербетіп» дәстүрлі өнер байқауы биыл 25-ші рет ұйымдастырылды.
Осынау әр аймақтағы үміттерін үкілеген талантты жастардың басын қосқан дәстүрлі өнер додасы өз бастауын 1997 жылдан алады.

Биылғы кезекті додаға облыстың он екі ауданы мен Қызылорда, Қостанай, Астана қаласынан арнайы келген жас таланттар қатысты. Өнер сайысы екі номинация бойынша өтті.


Дәстүрлі ән, терме, жыр айтудан 6 үміткер өнер көрсетсе, эстрадалық жанрда 8 өнерпаз ән шырқады.
Екі күнге созылған байқаудың қортындысы бойынша ауданнан қатысқан аудандық балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән класының мұғалімі Теңел Омаров «Шебер орындаушы» номинациясына ие болса, вокал класының мұғалімі Бұлбұл Шәутенова «Талантты өнерпаз» номинациясымен марапатталып, ақшалай 50000 теңгеге ие болды.


Жеңістеріңіз құтты болсын!

Басқа жаңалықтар