ӘкімдікБасты тақырып

Еркін әңгіме — елдің ертеңі үшін…

Өткен апта облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Сұлупан Шынтасова іссапармен ауданға келді. Сапар барысында аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аудан әкімдігінде қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары және жастармен кездесті.
Аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин кездесу жиынының мақсатын түсіндіріп өтіп, еркін, ашық әңгімелесуге шақырды. Алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндады.
Алдағы жылға арналған облыстық бюджетте қаржы қарастыру мақсатында өзекті мәселелерді де талқылады.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев ауылдық жерлерге білікті дәрігерлер жетіспейтіндігін жеткізсе, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Берік Бисекенов Ойыл – Қобда тас жолының жайын жеткізді. Ал, жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина аудандағы жастардың белсенділігі жоғары екенін айтып, жастар бас қосатын жастар орталығының керек екенін жеткізді.
Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап берілген соң,
-Сіздермен кездесудегі мақсат та сол қордаланған мәселелерді бірге шешу. Ұсыныс — пікірлеріңіз арқылы алдағы уақытқа бағыт-бағдар жасау, зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Көтерілген өзекті мәселелер, айтылған ұсыныстарыңызды міндетті түрде жеткізетін боламын — деді, Сұлупан Шынтасова.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар