Мәдениет

Әділбек — «Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері»

Тәуелсіздік мерекесі – еліміздің ең қастерлі әрі мәртебелі мейрамы. Осы орайда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау мақсатында республикалық «Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттап, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне сүбелі үлес қосқан азаматтардың еңбегін дәріптеу.
Аталған байқау аясында белсенділік танытып, өзінің еңбегімен ерекшеленген азаматтардың бірі – Әділбек Рақым. Жерлесіміз өз саласында қажырлы еңбек етіп, ел игілігіне қосқан үлесі үшін жеңімпаз атанып, «Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері» атағымен марапатталды. Бұл атақ – адал еңбек пен тынымсыз ізденістің жемісі, сондай-ақ қоғамның дамуына қосқан үлестің лайықты бағасы.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай құрметті марапатқа ие болған азаматтарды насихаттау – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастырудың жарқын көрінісі.
Біз де Әділбекті лайықты марапатымен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс, абырой мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Related Articles

Back to top button