Басты тақырып

«Nur Otan» партиясы Ойыл  аудандық филиалына жаңа төраға сайланып, Саяси кеңесі Бюросының құрамы толықты

Бүгін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының XХХV (отыз бесінші) кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исмағамбетова Дариға Ғизатқызы мен аудан әкімі Асқар Қазыбаев және аудандық мәслихат депутаттары — фракция мүшелері, мемлекеттік  органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Тарқатып айтсақ, «Nur Otan» партиясы Ойыл  аудандық филиалының төрағасын сайлау, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынылған Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Партия төрағасы Н.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша және

«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу. Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Ойыл  аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы сайланды. Екінші мәселе бойынша Ойыл селолық округінің әкімі Сәндібек Тоқсанбайұлы баяндама жасады. Үшінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Ойыл  аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының құрамы тізім бойынша сайланды.

Басқа жаңалықтар