ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ЕРЛЕР – ЖЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ, ЕЛДІҢ ТҰТҚАСЫ

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛДАН БАСТАП ЕЛ КҮНТІЗБЕСІНДЕ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР ПАЙДА БОЛДЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ ЕЛ АУМАҒЫ МЕН ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ӘСКЕРИ КҮШТЕРДІҢ – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ. БҰЛ КҮНІ 1992 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. 7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ШҰҒЫЛА» МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҰЖЫРЫМДАМАҒА СӘЙКЕС, АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТЕРІ ҮШІН БІРҚАТАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ. ӘРИНЕ, БҰЛ КҮН ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗЫ БӨЛЕК, АЙТУЛЫ МЕРЕКЕ. ЯҒНИ, ЕЛІМІЗДІҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБІЛЕТІНІҢ КЕМЕЛДЕНГЕНІН БІЛДІРЕТІН МЕРЕКЕ.

Алдымен аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, Ойыл аудандық полиция бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бірқатар қызметкерлеріне Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының төтенше жағдай департаменті Жедел-құтқару жасағы» Республикалық мемлекет мекемесінің басшысы Асқар Хамзиннің басқаруымен құтқару жұмыстарына атсалысқан жедел- құтқару жасағының құрамы мен ҚР Қорғаныс министрлігі №58012 әскери бөлімінің (пантон ротасы) қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жас ұландардың саптық көрсетілімдеріне ұласқан шара соңын аудан өнерпаздары әнмен шашу шашып, бимен көмкерді.

Басқа жаңалықтар