ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ҚАДІРЛІ, ЖЕРЛЕСТЕР, БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР, ӘР ЖЫЛҒЫ АЗАМАТТАР!
Қазіргі ауданымызда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қаратал ауылына көмектеріңіз керек!
Ауданымызда құрылған қоғамдық штаб суға кеткен ауылдарды аралап, халықтың жағдайын, ондағы басты проблемаларды анықтап жүрміз. Әр үйге кіріп, сауалнама жүргіліп жатыр.
Үйлері суға кеткен тұрғындардың әр түрлі санаттарын (ер азаматтары жоқ толық емес отбасы, аз қамтылғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар, т.б.) ескере отырып, құлаған тұрғын үйлерді бұзып, пайдаға жарамды материалдарын шығарысуға қолжәрдем беруге ҮНДЕЙМІЗ!
ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ