Әкімдік

Қауіпті індет сейілер емес, Санитарлық жағдай сақталуы тиіс!

Әлем елдерін әбігерге салған қауіпті індеттің беті әлі де қайтар емес. Олай дейтін себебіміз, қауіпті ауру ақпан айының ортасында біздің ауданымызда балалардың арасында да тіркелді. Соның салдарынан Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Ойыл ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен 14 күнге карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқуға көшірілді.
Осы орайда өткен аптада Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дархан Ғалымжанов аудан орталығындағы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдарға барып, санитарлық жағдайларын тексерді.

Басқа жаңалықтар