Спорт

Ардагерлер әлі сапта!

Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 50 жастан жоғары спорт ардагерлері арасында аудандық спартакиада өтті.
Шахматтан өткен жарыста саралжындық Өтесін Қабекешов ағамызға тең келер шахметшы табылмаса, әйелдер арасында Мейрамгүл Ержігітова жеңімпаз атанды. Өтесін ағамыз тоғызқұмалақ жарысында да бас жүлдені жеңіп алса, әйелдер арасында Айнагүл Жаймағамбетова ойлылардың ойынынан озып шықты. Ал, дойбы жарысында Құнанбай Дәулетқалиев пен Рысты Құлмамедова бас жүлдеге ие болса, Рысты апай стол теннисінен де бас жүлдені бермеді. Ерлер арасындағы стол теннисінен Серік Нұғыманов жеңімпаз атанды.
Ал, волейбол жарысында Ойыл селосының командасы бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздар арнаулы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың бес түрі бойынша өткен жарыста бақ сынаған спортшы ардагерлердің жеңімпаздарынан облыстық турнирде ауданның намысын қорғайтын команда жасақталды.

Басқа жаңалықтар