Басты тақырып

ШАҒЫН АУЫЛДАРДАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ШАҒЫМЫ АЗ, ҰСЫНЫСЫ КӨП БОЛДЫ…

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді, Қарасу елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесу жиынын өткізді.

Онда аудан басшысы 2022 жылғың 1 жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты мәлімет берді. Биыл Көптоғай дәрігерлік амбулаториясының құрылысы үшін 150 миллион теңге, хоккей кордын жасақтау үшін 2 миллион теңге, әкімшілік ғимараты үшін аудандық бюджеттен 11,3 миллион теңге орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту үшін  Қарасу ауылына 312,9 миллион теңге Шұбарши ауылына 266,4 миллион теңге ауыл көшелерін жарықтандыруға 500 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Амангелдіде ауыл тұрғыны Қуат Әбдіғалиев пен Ермек Қалниязов көктемде ауыл ішіне кіретін судың бағытын өзгерту, Сегізсай бағытындағы ауданға тіке қатынайтын жолды қырып, тегістеу жұмыстары тезірек қолға алынса деген ұсыныстарын білдірді.

Қарасуда ауыл тұрғыны Айжарық Нұрғалиев ауыл шаруашылық техникаларын жеңілдікпен алу жөнінде сауалдарын қойса, Базарбай Асылбаев ауылдың болашағы үшін бөлініп жатқан қаржылар мен игі істер үшін алғысын білдірді. Көтерілген мәселелерге қатысты ауыл әкімі Ерлан Асылбаев және аудан әкімі Асқар Қазыбаев, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абат Мубараков  толыққанды жауап берсе, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Аралбай Жолдыбаев бірыңғай жинақтық төлем туралы халыққа түсінік берді. Есептік кездесудің соңы аудан әкімінің жеке қабылдауымен аяқталды.
Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар