ӘкімдікБасты тақырып
Сапалы жұмыс басты міндет
Өткен аптаның соңында ауданымызға облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шермағамбет арнайы іс-сапармен келді. Аудандағы әлеуметтік нысандарды аралаған облыс әкімінің орынбасары Ойылдағы қызу жүргізіліп жатқан бірқатар жұмыстармен танысты. Алдымен ҰБТ өткізілетін аймақты аралап, ондағы талаптардың заңды тәртібін бақылады. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық мәдениет үйін, Көкжар көшесіне төселіп жатқан асфальттың жасалу сапасын қарады.
Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлына бұл жұмыстарды үнемі бақылауда ұстау керектігін баса айтты. Оған қоса Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне де арнайы бас сұғып шықты. Ауданның атқа мінерлерінің тілегіне құлақ түрген облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта спорт мектебіндегі алаңның жүгіру жолақтары мен жанкүйер үстелдерін жаңартуға қаражат қаралатындығын жеткізді. Сонымен қатар ауданның шежіресі саналатын тарихи орындар мен бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, атқарылған жұмыстар мен кезегін күткен тірліктерге назар аударып, халахуалын толықтай бақылап қайтты.
Өз тілшіміз.