2025 жыл ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Шынына келгенде соңғы уақыттарда қара күш пен ауыр еңбекті талап ететін жұмысшы мамандықтарды таңдайтын жастардың қатары азайған. Осы орайда мемлекет тарапынан жұмысшы мамандық иелеріне көрсетілетін қолдау осы аталған мәселені шешудің бір жолы деп білемін.
Сонымен қатар, ел Президенті өз Жолдауында жұмысшы мамандық иелеріне зор құрмет көрсетілетінін жеткізген болатын.
«Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал.
Иә, биылғы жылды еңбегі ауыр, қызметі елеусіз қалатын жұмысшы мамандық иелеріне арнауда ел экономикасын көтеруге бағытталған іс шаралардың бірі болмақ. Ендеше, мұндай мамандық иелерінің адал еңбегін ел арасында кеңінен насихаттауымыз керек.
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесші-заңгері Аралқызы Анар