Экономика

«БИЫЛ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ ТОЛАДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірталай мәселе көтерілді. Соның ішінде Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай біратар мәселелер көтеріліп, Ұлы ақынды дәріптеу жолында мемлекет басшысының пікірін құптарлық деп санаймын.
«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Мен осыдан бес жыл бұрын ұлы ойшылдың туғанына 175 жыл толуына орай Семейде абайтанушы ғалымдармен кездестім, сол кезде Абай институтын құру туралы ұсыныс айттым. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды, яғни біздің диаспоралар мен басқа да шетелдіктерге қазақ тілін үйрету құралы ретінде жұмыс істеп тұр. Енді осы жобаны толыққанды мәдени-ағарту мекемелеріне айналдыру қажет. Бұл құрылым Конфуций, Гете, Сервантес институттары сияқты жұмыс істеуі керек.
Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуға тиіс. Бірқатар елде, мысалы, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатындығы қуантты. Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу мәселесі бойынша тиісті жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Еркінова Марал Бегалықызы
Қазақ тілі қоғамы ойыл аудандық филиалының төрайымы

Related Articles

Back to top button