ҚҰРЫЛТАЙ ДӘСТҮРІНІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЕРІК-ЖІГЕРІН БІР АРНАДА ТОПТАСТЫРДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті.
Құрылтай дәстүрінің қайта жаңғыруы халықтың ерік-жігерін бір арнада топтастырып, мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелерді шешуді көздейді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде елдегі қоғамдық консолидацияны одан әрі нығайтуды көздейтін ұсыныстар мен стратегияларды әзірлеуде шешуші рөл атқарады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Қоғамдық консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды тұжырымдауды мақсат етеді.
Ұлттық құрылтай ел тұрғындарының кең ауқымды пікірі мен көзқарасы тоғысатын негізгі ұлттық диалог алаңына айналды. Бұл Президенттің жоспарына сәйкес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның даму жолында нәтижелі де өзара тиімді ынтымақтастыққа септігін тигізеді.
Уайсов Алдаберген
СМИ маман