Экономика

БУРАБАЙДА ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Киелі мекен Бурабайда ұлтты ұйыстырған Ұлттық Құрылтай өтті.
Ұлттық құрылтай яғни, көпшіліктің ойын, ұсыныстарын белсенділердің айтатын алаңы деп түсінуге болады. «Қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал Бурабай жерінің мол мүмкіндіктері бар. Осы курорттық аймақты дамытудың 2029 жылғы дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін шамамен 140 милиард теңге бөлінеді. Үкімет пен облыс әкімдігі құжатта көрсетілген міндеттерді сапалы орындауға тиіс. Ең алдымен Щучинск — Бурабай курорттық аймағындағы инфрақұрылым аймағындағы инфрақұрылымды дамыту қажет. Барлық экологиялық талаптар қатаң сақталуға тиіс» — деді. Бурабай – қазақ даласының ортасында орналасқан тамаша жер. Бурабай өзінің мінсіз табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады. Өзіміздің жерлестерімізден басқа көрші ресейліктердің демалуға ең жиі баратын жері — Бурабай. Сондықтан еліміз туристерге әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетілуі керек деген ойымен өзім толық келісемін.

Амиров Тилекбай
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button