МәдениетРухани жаңғыру

“АЛТЫН ШАҢЫРАҚ”, “КҮMIC КЕРЕГЕ»

16 наурыз - Шаңырақ күніне орай Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» атты алтын той, күміс той иелерімен жастардың кездесуі өткізілді.

Шараға «Алтын той» иегерлері Тұрғамбеков Орынбасар ағайымызбен Мариям апамыз қатысты.
Сонымен қатар, «Күміс той» иегерлері Серік Меруенов — Сағыныш Дабылова, Сәндібек Нұрбаев — Әлия Баймағамбетқызы қатысты.
Шара барысында Отбасы құндылықтары, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы татулық жөнінде әңгіме өрбіп, қонақтарымыз жастарға өздерінің ақыл кеңестерін айтты.
Жастар өздері тарапынан сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Тағылымды кездесу соңында құрметті қоңақтарға орталық басшысы Жангүл Ізғаринаның атынан арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.

Related Articles

Back to top button