Экономика

Денсаулық сақтау жүйесі — ел дамуының айрықша факторы

Қазақстан медициналық инфрақұрылымын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, алты жыл ішінде еліміздің денсаулық сақтау нысандарының саны 955-ке жетіп отыр. Бұл көрсеткіш еліміздің әрбір өңіріндегі тұрғындарға заманауи медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін арттырады.

Ақтөбе облысында да денсаулық сақтау саласында қарқынды жұмыстар іске асырылуда. Облыс тұрғындарына бүгінгі таңда 479 медициналық ұйым қызмет көрсетіп, олардың арасында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, емханалар және стационарлар бар. Соңғы алты жылдың ішінде 55-ке жуық жаңа медициналық нысан, соның ішінде заманауи стандарттарға сай орталықтар мен пункттер, пайдалануға берілді.

Аса маңызды жобалардың бірі «Облыстық перинаталдық орталықтың» құрылысын ерекше атап өту керек. Бұл әлеуметтік нысан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы жеке жоба бойынша салынған акушерлік стационар болып табылады. Жаңа орталықта заманауи медициналық технологиялар мен стандарттар барынша ескеріліп, аналардың, жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Алдағы уақытта да, аталған жұмыстардың жалғасын табатынына сеніміміз мол, себебі денсаулық сақтау мәселесі – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – қоғамның және мемлекеттің мықты болашағының кепілі.

Роман Рахиев,

денсаулық сақтау саласының ардагері

Related Articles

Back to top button