Экономика
Ақтөбе облысында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Ақтөбе облысында 22-23 мамыр аралығында «Өрт-2025» республикалық деңгейдегі командалық-штабтық оқу-жаттығу өтетіні хабарланады. Аталған іс-шара төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдардың, жедел қызметтердің және азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығу барысында шартты өрт сөндіру, адамдарды эвакуациялау, шұғыл әрекет ету және байланыс жүйелерін тексеру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарланған.
Тұрғындардан түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.