Экономика

«КЕМЕР ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТІ»7 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

«Елде болса, ерінге тиеді» - деген рас. Кез-келген кәсіпкерлік нысан ауыл үшін алдымен жұмыс орны. Аймаққа белгілі кәсіпкер жерлесіміз Абыл Сатайдың әртүрлі себептермен іске қосылуы кешеуілдеп келген Саралжынның тұсындағы газ құю бекеті жуырда ғана қолданысқа берілді.

«Кемер газ құю бекеті» айына 60 мың текше метр сұйық газ өткізуге қабылетті. Бекетте бүгінде жеті адам еңбек етеді.
Бұл газ құю бекетінің іске қосылуы аудан үшін үлкен игілікті іс болып отыр. Бұрынғыдай сол маңдағы округтің тұрғындары жанар-жағар май үшін Ойылға немесе Қобдаға «шаппайды». Яғни, бұл маусымдық жұмыстардың үздіксіз жүруіне мүмкіндік береді. Жұмысшыларының жалақысы 100 мың теңге. Олардың алтауы екі-екіден бірге кезектесіп жасайды. Үш күнде бір кезекке тұратын адам қалған уақытта үйдегі шаруасына да үлгереді. Сонымен қатар, кәсіпкер жол бойынан алдағы уақытта кемпинг сияқты басқа да қызмет көрсету орнын ашуды көздеп отыр.

Related Articles

Back to top button