ӘкімдікБасты тақырып

«ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ» ӘЛІ ТОЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ТҮСПЕЙ ТҰР

ҚАЗІР МОБИЛДІ ТӨЛЕМ ӨМІРІМІЗГЕ ДЕНДЕП ЕНДІ. БАЛАМЫЗДЫ ДҮКЕНГЕ ЖҰМСАРДА ШҰҚШИЫП ТИЫН САНАП ТҰРМАЙСЫҢ. БАЛАҢНЫҢ НОМЕРІНЕ, БОЛМАСА ДҮКЕННІҢ САТУШЫСЫ КӨРСЕТКЕН НОМЕРГЕ ТІКЕЛЕЙ АУДАРЫП ЖІБЕРЕСІҢ. БІР ҚАРАҒАНДА ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЕШҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ ЖОҚ СИЯҚТЫ.

Бірақ, өткен жылдың басында көлеңкелі бизнеспен күресеміз дегендер салық кодексінде тек төлемнің екі формасы ғана қарастырылғандығын ұмытып кеттті-ау деймін. Бұл– қолма-қол төлем және карта арқылы төлеу (пост-терминал, яғни түбіртекті міндетті түрде беру) керек. Себебі, көп жерде төлем бұрынғыдай
жүріп жатыр. Кейбір кәсіпкерлердің дүкендердегі төлем қабылдайтын құрылғылары бұзылып қалады немесе қуаты таусылып қалады. Әйтеуір, сылтау көп. Кейбір дүкендер бірнеше номерге аударуды
ұсынады. Демек, бәрі де салықтан жалтарудың сан түрлі жолдарын іздеп жатыр… Солардың бірі жолаушылар тасымалы қызметін көрсетушілер. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақтөбе – Ойыл, Ойыл – Ақтөбе бағытында жолаушылар тасымалы қызметін көрсетушілерге
бірнеше мәрте тендер жариялағанымен нәтиже жоқ. Жақсы. Оның талаптарын орындау қиын. Сыйымдылығы жоғары автобус алуды екінің бірінің қалтасы көтермейді. Инвестиция салуға ешкім
тәуекел ете алмай тұр. Сондықтан, үйіңнен келіп алып кетіп, қалаған жеріңе апарып тастайтын такси қызметі тиімді. Демек, біздің ауданда жолаушылар тасымалы такси қызметі арқылы толық шешілген секілді көрінеді. Оның себебі, қай жерге барамын десеңіз де, сарылып көлік күтіп көп тұрмайсыз. Телефонмен
тапсырыс беріп қойып, көліктің толуын күту керек… Дегенмен, бұл — мәселенің біз көріп жүрген бергі жағы екен. Жолаушылар тасымалы мәдениетін көтеру, сол арқылы жол қауіпсіздігі, басқа да қолайлы жағдайларды жасауды жақсарту секілді мәселелер аз емес. Енді оған қалтаңда қолма-қол
ақша болуы керек деген мәселе қосылды. QR төлем күтіп жүрген жолаушылар бұрынғыдай Каспимен аудара салуға да зар болып қалды. Яғни, кейбір жолаушылар тасымалы қызметін көрсететіндер Каспи төлем қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша сұрайды. Тұтынушының құқығы қайда? Оған түкіргені
бар ма?Ал, 2024 жылдың қаңтар айында көп кәсіпкер Каспи төлемнен бас тартқан алғашқы дүрбелең кезінде кезінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағына сәйкес ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе)
лездік төлемдер жүйесін (QRкод төлемдері) пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті» — деген салық органдары қызметкерлерінің сөзі қайда?
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.

Related Articles

Back to top button