«АЛАҚАЙ» ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ
Қарасу негізгі мектебі жанынан «Алақай» лагері ашылып, оқушылар белсенді қатысты. Жаз — балалар үшін еркіндік пен шаттықтың маусымы.

Осы мезгілде жазғы демалыс лагерінің орны ерекше. Лагерь — тек ойын мен тынығу орны емес, тәрбие мен дамудың тамаша алаңы. Осы мақсатта мектебіміздің жанынан ашылған «Алақай» лагерінде оқушылар спортпен айналысып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Қызықты жарыстар мен сайыстар балалардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Лагерьдегі іс-шаралар балаларды тәртіпке, бір-бірін сыйлауға, жауапкершілікке тәрбиеледі.
Қарасу негізгі мектебінің ауласында жазғы демалыстың алғашқы күнінде балалар үшін қуанышты оқиға болды. Бұл маңда жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл бастама ауыл балаларының бос уақытын тиімді, қауіпсіз әрі көңілді өткізуге бағытталды.
Жаңа сырғанақтар, әткеншектер, секіруге арналған жұмсақ жабдықтар, футбол және доп алаңы балалардың еркін ойнауына жағдай жасады. Мұның бәрі балалардың физикалық дамуына, бір-бірімен достық қатынас орнатуына ықпал етпек.
А.ДҮЙСЕҒАЛИЕВА,
Қарасу негізгі мектебі
директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.