ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ШАПАҒАТТЫҢ» КЕЗЕКТІ СЫЙЫ

Өнер де атадан балаға мирас мұра. Бірақ, атаның қанымен, ана сүтімен, үзілмей жеткен киелі өнерді бойына сіңіріп, ауыл-үйдің арасында қалдырмай, әнді сүйген халықтың көңіліне демеу беру екінің бірінің басына қонбайды! Енді бірінің қолынан келмейді.

Ойылды жиырма жылдан бері әнмен тербеп жүрген аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Шапағат» Ешпановтар отбасылық ансамблі жуырда өздерінің есепті концертін берді. Отбасылық ансамбль 2008 жылы «Халықтық» атағын алса, 2022 жылы халықтық атағын қайта қорғады.
Отағасы Боранбай Шәутенұлы ансамбль жетекшісі, ұлттық домбыра аспабымен қоса, жапондық «Синтезатор» аспабын меңгерген. Театрда көптеген рольдерді сомдап келеді.
2014 жылдан бастап үйірме жетекшісі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Үздік мәдениет қызметкері- 2019» номинациясымен, 2021 жылы мәдениет қызметкерлері күніне орай мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Облыстық мәдениет саласын кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен, 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, 2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Отанасы Гүлмира да домбырамен, эстрадамен ән салып, әзіл сықақ интермедияларында ойнаған.
Боранбай Шаутенұлының өнерлі отбасында тәрбиеленген ұл-қыздары да қазақтың «Әке көрген оқ жонар» деген мақалын растап, ұйда көргенін іліп, өнерлі болып өсті. Өнерлі отбасынан шыққан қызы Бұлбұл алғашқы еңбек жолын музыка мектебінде хор класынан сабақ беруден бастап, бірнеше байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі таңда вокал класынан дәріс беруде. Отбасылы.
Бұлбұлдың оқушылары республикалық, облыстық байқауларға қатынасып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ай талантты шәкірт тәрбиелегені үшін үздік ұстаз, Облыстық ішкі саясат басқармасынан алғыс хат, облыстық білім басқарма басшысының құрмет грамотасына ие болды.
Отбасының кенжесі Ақниет 5 жасынан бастап облыстық, аудандық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Ол сонымен қоса би өнерінің озық шебері десе де болады. Ақтөбе қаласында түсірілген «Жаса» балалар киносының басты ролін сомдады. Сонымен бірге Медиа проект жобасының белді мүшесі, актер, вокал, би кластары бойынша дәріс алды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Аудандағы мәдениет саласына дамытуға қосқан үлесі үшін Ойыл ауданының «Жыл Адамы» атағы берілді. Ол Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін бітіріп, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті.
Халықтық «Шапағат» Ешпановтар отбасылық ансамблінің жетістігіне тоқталатын болсақ, Ансамбль 2022жылы «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты облыстық халық шығармашалығы фестивалінде «Отбасылық ансамбль» жанр бойынша ІІІ орынға иеленді.
Аудандық мәдениет үйіне жаңадан алынған вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен басталған кеште отбасылық ансамблдің әр жылдары халықтың көңілінен шыққан әндерімен қатар жаңа туындылары да шырқалды. Боранбайдың жұбайы Гүлмира екеуінің әндері аға буынды өткен күндерге жетелесе, Бұлбұл мен Ақниеттің орындаған әндері жастарды серпілтті. Жиені Даяна мен Жанерке қызы да «болайын деп тұр екен». Әншілердің құшағын гүлге толтырған көрермендердің қошеметінде де шек болмады. «Елге сапар» әнімен басталған кеш «Қоштасумен» қол бұлғады.

Басқа жаңалықтар