Экономика

«Таза Қазақстан – 2025» КӨШЕНІҢ КӨРКІ – АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ

Елімізде жарияланған «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жарияланған екі айлық шеңберіндегі межеленген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

Бұл жолғы тазалық жұмыстары тарихы тереңге тамыр тартқан, кезінде әйгілі Көкжар жәрмеңкесі өткен өңірдің жүрегі саналатын аудан орталығындағы Шернияз Жарылқасынұлы атындағы орталық көшеде ұйымдастырылды. Шернияз Жарылқасынұлы- ХІХ ғасырда өмір сүрген халық ақыны, жырау, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан елдік тұлға. Сондықтан бұл көшенің тазалығы мен көркі- аудан халқы үшін үлкен мәнге ие. Акция барысында аудан тұрғындары, «AMANAT» партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары мен түрлі мекеме қызметкерлері бірлесіп, туған жердің тазалығына үлес қосты. Көшенің бойындағы ағаштар қырқылып, түптері қопсытылды, су шайған жерлері тегістеліп, жалпы 2 тонна қоқыс шығарылып, 15 тонна құм төгілді.
Осындай ауқымды жұмыстың басты мақсаты — Ойылдың табиғи сұлулығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың туған жерге жанашырлығын арттыру.
Бұл шара — тазалық пен жауапкершілікті насихаттаумен қатар, елдіктің, бірліктің, ортақ іске жұмылудың жарқын мысалы болды.

Related Articles

Back to top button