Спорт
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

2025 жылдың 31 қазан-10 қараша аралығында Алматы қаласында «AUYL SPORT-2025» республикалық жарысы өтті. Ақтөбе облысы құрама командасының сапында Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үстел теннисі бөлімінің оқушылары М. Орал, С. Асылхан, А.Аманбекқызы қатысып, облысымыздың намысын қорғап, республикалық турнирде өз бақтарын сынады.
Нәтижесінде оқушыларымыСана Асылхан мен Мадияр Орал өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға тұрақтап, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал, Айзере Аманбекқызы керемет ойын көрсетіп, турнирдің “Үздік ойыншысы” номинациясына ие болды. Айзереге арнайы естелік сыйлық табысталса, жаттықтырушы Қанат Нұрланұлына “Жеңімпаздардың жетекшісі” номинациясы берілді.



