«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» САРБИЕ АУЫЛЫНДА

Өткен аптада “Денсаулық керуені” акциясы шеңберінде жылжымалы медициналық кешені Сарбие ауылына барып, ауыл тұрғындарына тегін медициналық тексеру және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті.
Шалғай ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау, профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру және қажетті мамандардың кеңесін қолжетімді етуді көзлдеген Керуен құрамында терапевт, кардиолог, акушер-гинеколог, хирург, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы, зертханашы және басқа да медициналық қызметкерлер жұмыс жасады. Тұрғындар қан қысымын өлшетіп, қан талдауларын тапсырды, жүрек-қан тамыр, ішкі ағзалар және әйелдер денсаулығына байланысты кеңестер алды.
Сонымен қатар, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға дені сау өмір салтын ұстанудың, зиянды әдеттерден бас тартудың және уақытылы дәрігерге қаралудың маңызы түсіндірілді.
“Денсаулық керуені” акциясы алдағы уақытта да ауданның басқа ауылдарында өз жалғасын табады.



