Әкімдік

КӨПТОҒАЙДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – КӨТЕРМЕ ЖОЛ

АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ КӨПТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, ШҰБАРШИ, ҚАРАСУ, АМАНКЕЛДІ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.Кездесу барысында Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.

Ауылдық елді мекендерге қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, ауылдың даму жолында жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Көптоғай ауылдық округіне қарасты ауылдық елді-мекендер тұрғындары тарапынан көтерме жолдарды қалпына келтіру, қыс мезгіліндегі жол қатынасына жағдай жасау, көктемгі су тасқыны салдарынан жарамсыз болған бөгеттерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру, газ мәселесі сынды өзгеде өзекті мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Related Articles

Back to top button