Денсаулық

АНАРГҮЛ НАУРЫЗБАЕВА –«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ»

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада адам өмірін сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов дәрігерлер мен мейірбикелер еңбегінің маңыздылығын, медициналық көмектің барлық деңгейінде көрсетілу сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізудің өзектілігін атап өтіп, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады.
Салтанатты жиын барысында медицина саласына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін қызметкерлерге «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
Осы орайда Ойыл аудандық ауруханасының акушерка мейірбикесі А.К.Наурызбаева ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі медалімен марапатталды.
Бұл марапаттар — бейбіт күннің батырларына, өз ісіне шын берілген мамандарға көрсетілген зор алғыс пен сенімнің белгісі.

Related Articles

Back to top button