ҰЛТТЫҢ ІРГЕТАСЫ – ОТБАСЫ!
Өткен аптаның соңында Ойыл ауданы білім бөлімінің жанындағы «Бақытты отбасы» ата-аналар клубының жоспарына сәйкес «Шаңырақ шаттығы» тақырыбында психологиялық фестиваль өтті.

Бұл іс-шараға барлық мектептердің ата-аналары, педагогтері, 8-11 сынып оқушылары шақырылды.
Психологиялық фестиваль — кәсіби психолог мамандары мен игропрактиктердің тәжірибе бөлісу алаңы. Ақтөбе қаласының психологтары А. Тоқсанбаева, А. Қартбаева, Г. Зикирова, игропрактик Ж. Оразалина, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры А. Баспақова, Алға ауданының психологы Н. Өткелбаева, Хромтау ауданының психологы М. Ізғалиева,
Ойыл ауданының педагог-психологтары спикер болып, шеберлік сағатын өткізді.
Ең бастысы- қатысушылар өз сұрақтарына жауаптарын тапты.
Форматы өзгеше өткен семинарда «Ұлттың іргетасы, негізін қалаушы — отбасы болса, отбасының іргетасы — бала» екенін басты ұран еткен ұйымдастырушыларға қатысушылар психологиялық-ағартушылық, трансформациялық сағаттардың жалғасын тауып, консультация алуға мүмкіндік болса деген ұсыныстарын жеткізді.



