Экономика

ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырып келеді.
Сұхбат барысында жастардың талапшыл, көзғарасы еркін екендігін атап өтті. Қазіргі жастар – өте талапшыл әрі талғампаз. Әлеуметтік желіден олардың «Қазақстан «прайм-дәуірге», яғни, керемет кезеңге қадам басты» дегенін көзғарастарды көруге болады. Осыған орай Ел Президенті өз пікірімен бөлісе кетті.
– Жастарымыздың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-сезімі өте жоғары. Олар – бар ықыласымен болашаққа ұмтылатын отаншыл азаматтар. Дәл осындай өршіл ұстанымның арқасында еліміз талай рет алдынан шығатын сын-қатерлерді еңсеріп, қиындықтарды жеңері сөзсіз.
Жастардың қуанышы орынсыз, тіпті, оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ, олардың ой-пікірімен санасқан жөн. Жастар Отанымызға тек жақсылық тілейді. Бұл біздің қоғамымыздың жасампаздық рухын білдіреді.
Өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет, виртуалды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керек. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмей, ерінбей еңбек етіп, өзін темірдей тәртіпке тәрбиелей білгені жөн.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақ Жастарына қатысыт ашық әрі жылыпікірі көңілге қуаныш ұялатары сөзссіз.
Жангүл Изгаринна
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button