Экономика
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ САПАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Жаңа Конституция жобасы азаматтық қоғамның дамуына да кең мүмкіндік береді. Халықтың мемлекет басқару ісіне қатысуы артып, қоғамдық пікірдің маңызы күшейеді. Белсенді азаматтық ұстаным қалыптасып, әрбір адам ел тағдырына жауапкершілікпен қарай бастайды. Мұндай қоғам тұрақты әрі берік мемлекет құрудың негізі болып саналады.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның дамуындағы сапалы өзгерістерге жол ашатын маңызды құжат болып табылады. Ол әділетті, құқықтық және демократиялық қоғам құруға бағытталған. Бұл Конституция тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың да мүддесін қорғайтын, елдің жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Ақеділов Өркен Қанатұлы
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



